Ақылбек Шаяхметтің «Қашқын»

Ақылбек Шаяхметтің «Қашқын»

Адам өзінен-өзі қашып кете алмайды

Монодрама – жалғыз кейіпкердің тағдыры аясында ашаршылықтан бергі қазақ тарихын қозғап өтеді. Жәй тарихын емес, ең ауыр күндерін. Автор «қашқын» ұғымын ашуда кең түсінік қалыптастыруға тырысқан. Қарапайым тұрмыстық өмірден, ұлт ретіндегі ауқымды мәселелерге дейін қозғайды. Шығарманың басты ерекшелігі де осы – тақырып аясынан шықпай, оқырман көңіліндегі ырғақты жоғалтпай, түйінді ой тастай алуында. Қазіргі монодрамаға көптеп ұмтылатын авторлардың арасынан бірден ерекшеленуіне негізгі себеп — пьесадан ритмді сезуге болады.  Уақыт бірлігін сақтап, тарихи кезеңмен қатар адам өмірі жалғасып отырады.

Басты идеясы – өмірде барлық адам қашқын. Бірақ, кім қандай қашқын? Ол кезекті сұрақ. Тағдыр айдағандар мен адами қасиеттерден жұрдай болып қашып жүргендерді: «Қашып жүргендер мен сасып жүргендердің айырмасы,» – деп екіге бөле қарастырады. Шығарма негізі тарих пен бүгінгі күнге деген, адамдарға деген салыстырмалы талдауға құрылған.

Түйінінде: «адам өзінен-өзі қашып кете алмайды,» – деп, барлық айтқан оқиғасындағы негізгі тартыс – өзімен тартыс екенін алдыңғы қатарға шығарады. Демек, ертеңіне сенбейтін адамның өзімен тартысы…

Ұлжан Құрманбай, театртанушы

Добавить комментарий