Мия Алгожаеваның «Төңкеріс»

Мия Алгожаеваның «Төңкеріс»

Жалындаған жастар. «Төңкеріс» пьесасын бір сөзбен сипаттайтын болсақ дәл осылай айтар едік. Әділдік іздеймін деп, опасыздыққа барған басты кейіпкер, ойнасып — күлісіп жүрген студенттердің «Молодость всё прощает!» деп ұрандатуыдың маңызы бар ма? Атына заты сай тақырыптың көздеген мақсатына жете алды ма? Автор бұл сұрақты оқырманның өзіне қалдырған. Автордың достық, махаббат және ар-ождан арасындағы байланысты көрсетіп тұр. Жан біткен адам баласының қай жүкті арқалап кететіні беймәлім.

Драматург кейіпкерлерінің репликалары арқылы ойын нақты жеткізіп отыр. «Өмірдің әділетсіздіге күресуін қажет. Бірақ бұл тартыста құрбан етуге де дайын бол» дегені. Бес студенттердің арасындағы тартыс пьесаны қызықтыра түседі. Махаббат үштігі, сатқындық, сенімсіздік…

Қазіргі заман жастарының  өмірлік ұстанымдары мен қоғамға деген қарым-қатынасын көреміз. Жалындаймыз деп жүріп жанып бара жатқанын байқамайда қалғаны рас. Десекте кейіпкердің шикілігі де жоқ емес. Себебі, басы бар, аяғы жоқ нүктелерді байқаймыз. Алты кейіпкер, бес студент, бір мұғалім арасындағы шиеліністері жалпы қоғамдағы қалыптастып қалған «білеміз, бірақ айтпаймыз» деген ұғымның төңірегінде жүреді. Жаңашылдықты қаламайтын, елемейтін, ескермейтін мұғалімнің көзқарасы қаншалықты дұрыс? Біреудің қолшоқпары болуды таңдауының себебі бар ма? Жастардың «әділет» деп ұрандатып, баршаға айғай салып жүрсе де, олардың өмірлік «әділет» деген ұғымға шынайы болмағанын көреміз.

Жастық шақтың жалыны уақыт өткен соң дұрыс-бұрысын көрсететіні анық. «Әділдік қашан да жеңеді, бірақ әрдайым кешігіп жүреді!»

Улбосын Тулақ, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының қор сақтаушы қызметкері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Өнертану» мамандығы 1 курс магистранты

Добавить комментарий