Сен және Мен
Қазіргі кезде өзіңді дүниеге алып келіп, асырап баққан ата- анаға қартайғанда қиянат жасап жатқандар қаншама. Тіпті туған баласына да немқұрайлы қарап, тағдырдың тәлкегіне қоя бергендерде баршылық. Пьеса қазіргі айналамыздағы адамдардың ата-анаға, балаға деген қамқорлық пен жауапкершіліктен қашып, тастап кетіп жатқан іс-әрекеттерінің нәтижесін суреттейді. Оқиға қарттар үйінде өтеді. Бұл жерде өмір бірсарынды өтуде. Ондағы әр кейіпкердің сеніміне сызат түсірген өз оқиғасы бар.
70 жастағы Қаһар соңғы он жылын осында өткізуде. Тағдыр кездейсоқ оқиғамен шиеленісіп, оны кішкентай баламен жолықтырады. Біраз уақыттан соң оның өз немересі екеніне көзі жетіп,одан айрылмауға бел буады. Қаһар немересімен қауышып, бірге болу үшін «Сен және Мен» деген ойынды ойлап табады. Жақыныммен бірге болсам, еркіндікте өмір сүрсем деген үміт неге де болсын апарады емес пе?
Рана Назарова, театртанушы