Камилла Шангерейдің «Деколонизация Қарлығаш» пьесасы көтеретін тақырып өте ауқымды әрі маңызды. Қазақ жерін Ресей Империясы жаулап алғаннан бері, еліміз өте үлкен өзгерістерге ұшырады: орыстар қазақ мектептерін азайту және өз тілдерін енгізу арқылы мәдениетімізді жоюға барынша тырысқан болатын. Ақ патша тақтан құлап, кеңес өкіметі орнаса да, қазақтар жаулап алушылар тарапынан үлкен кемсітуге ұшырауды тоқтатпады. Тіпті, тәуелсіздік алғаннан кейін де орыстардың ықпалы дереу жойылып кетпей, әлі күнге дейін бар деуге де болады. Мықты мемлекеттің отарлауына ұшыраған елдер уақыт өте келе өз ұлтын жоғалтып, жаулап алған елге еліктей бастайды. Пьеса осы мәселені жақсы қозғайды.
Қарлығаш — кішкентай кезінен орыстанып кеткен жақындары мен қоғамның әсерінен қазақ тілі және діліне қарсы пікір қалыптастыра бастаған. «Қыз» дегеннен қарағанда «девочка» сөзі құлаққа жағымды естілуінен, өзінің Қарлығаш деген атынан ұялу, ең аяғы көзін еуропалықтарға ұқсас етіп ота жасаумен аяқталған болатын. «Я решила, что я буду Карла, а не Қарлығаш. Я хотела отсечь «ғаш» как то самое — грубое, аульское, сугубо казахское — то, чего я стыдилась».
Әжесі – балалары мен немересінің орыстарға еліктеуіне қарсы ойлы. Себебі, сол орыстар ашқан соғыстың салдарын көрген адам. «Қабдрахман соғыска кеткенде қатты қорықтым, жүрегім алаң болды. Қара кағаздар келіп жатты. Әйелдер еңіреп жылады, шаштарын жұлып, зар илеп қалатын. Мен де қорықтым – менің Қабдрахманыма да сондай хабар келмей ме деп».
Ата-анасы – баласына жамандық ойламаған, алайда, басқа ұлтқа еліктеуіне өзіндік үлестерін қосқан. Олардың бар уайымы – қыздарының жақсы білім алуы, ал, орыс мектептері мықты деген түсінік бар. «Потому что мы заботимся об ее будущем. Потому что в русской школе математика сильнее. А қазақша она и дома поговорить может».
Тетя Майя – пьеса басталғанда таныстырылатын кейіпкер. Ролі басты болмаса да, оқиғаға негіз болған Қарлығаштың өзгеруінің бастамасы, негіз салған адам. Қарлығаштың сөздері: «Мне было шесть лет. К нам приехала тётя из Алматы — тётя Майя. Тогда я в первый раз услышала, что слово «қыз» не такое красивое, как «девочка». До этого я даже не задумывалась своей детской головой о каких-то таких вещах. Мне очень нравилась тётя Майя, и я верила всему, что она говорила. Через день она уехала обратно, в Алмату, а нелюбовь к букве «қ» осталась».
Қаншама жастар осы жолда басты кейіпкер сияқты өздерін жоғалтып алған еді, қай тілде сөйлерін, өз ұлттары қандай екенін айта алмайтын адамдардың саны артып кеткен болатын. Шығарма «очень смуглая девушка», яғни, өте қара торы қыз және афро-шашты жігіт арқылы әртүрлі нәсілдердің кемсітуге ұшырауын да қозғайды. Олар сол қоғамның мүшесі болу үшін өзгеру керек деген сыни пікірлерге сеніп, өздерін жоғалта бастаған. Пьесаның соңында өзін Карла атап, «қ» әрпін жек көрген қыз жоғалып, оның орнына Қарлығаштың өзі қайта оралады. Қарлығаштың сөздері: «После 24 февраля я захотела собрать все то, что выжимала из себя, растаптывала, замазывала, уничтожала, Я захотела вернуть всё это себе, склеить себя заново». Бір-біріне қарсы кейіпкерлер айтыс арқылы түсініспеушіліктерін шешіп, әрқайсысы жақсы жаққа өзгеруге сөз береді. Камилла Шангерей туындысында бұл шығарма арқылы ана тілінің тек қарым-қатынас құралы емес, ұлттың тірі жаны, басты құндылығы екенін шебер жеткізген. «Деколонизация Қарлығаш» пьесасының маңызы – оқырманның ұлттық намысын қайрап, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыруында. «Қазақ» сөзі – тәуелсіз, еркін деген мағына беретінін түсіну бәрімізге маңызды.
Жансая Ғұмарова, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Театртану мамандандыруының 1 курс студенті
